Елордада өтетін Backstreet Boys концертіне байланысты қалада көлік қозғалысын жеңілдету үшін арнайы шаралар қолға алынды, деп жазады Ertenmedia.kz.
21 қыркүйек күні «Астана Арена» стадионында аты аңызға айналған Backstreet Boys тобының концерті өтеді. Осыған орай қала тұрғындары мен қонақтарының ыңғайлылығы үшін қосымша шаттл-автобустар іске қосылады.
Шаттл-бастар сағат 16:00-ден бастап бес негізгі бағыт бойынша қатынайды. Олар астаналық цирк жанындағы автотұрақтан, «Әзірет Сұлтан» мешітінен, Сәтбаев көшесіндегі «Қазақстан» спорт кешені маңынан, Орталық саябақтан (Тұран даңғылы жағынан) және «Бас Мешіттен» жүреді. Барлық бағыт екі жақты қызмет көрсетеді – стадионға жеткізіп, концерттен кейін кері қайтады.
Ұйымдастырушылардың мәліметінше, қосымша қоғамдық көлік қозғалысы қаладағы кептелісті азайтуға және концертке келетін адамдар үшін қолайлы жағдай жасауға бағытталған. Бұл әсіресе ірі шаралар кезінде көлік жүктемесі күрт артатынын ескергенде маңызды шешім болып отыр.
Осылайша елордада өтетін ауқымды концерт тек мәдени оқиға ғана емес, қала инфрақұрылымының да үйлесімді жұмысын талап ететін кешенді шараға айналмақ.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







