Боксшы Сәкен Бибосынов әлеуметтік желіде қоғамдағы қауесетке қатысты пікір білдірді, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz.
Желіде «Мырзағали ағаның атынан кетемін» делінетін жалған ақпарат тарап кеткен.
«Алла сақтасын, елімізде неше түрлі адамдар бар. Аудитория жинау үшін не істемейді?! Мынау сөз – жалған ақпарат. Мен боксты қойған жоқпын», — деп жазды спортшы.
Айта кетейік, Сәкен Бибосынов (51 келіге дейін) 2024 жылғы Олимпиада ойындарының жартылай финалына өте алмады.
Ол өзбекстандық Хасанбой Дусматовтан ұтылды.