Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Елдос Қоспаев пен оның ұйымдасқан қылмыстық тобына қатысты іс бойынша үкім жарияланды, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz.
Елдос Қоспаевтың мүлкі (пәтерлер, жер учаскелері, қоғамдық-іскерлік мекемелер) тәркіленіп, 15 жылға бас бостандығынан айырылды.
Айта кетейік, Елдос Қоспаевтың соты жабық режимде өткізілді. Қоспаевты қылмыс әлеміндегілер «адам жегіш» деп атайды. Қылмыстық іс бойынша айыпталушы 11 адам, олар:
Бұған дейін Ұлттық қауіпсіздік комитеті былайғы ортада Болат Назарбаевтың сенімді өкілі саналып келген Елдос Қоспаев бастаған қылмыстық топтың 7 мүшесін Солтүстік Кипрден Қазақстанға жеткізгенін мәлімдеген еді. Бұл операция 2023 жылы 6 қыркүйекте жүзеге асырылды.
Бұл топқа ҚР Қаржылық мониторингі агенттігі рейдерлік жасады, ұйымдасқан қылмыстық топ құрды және оған қатысты деген күдікпен халықаралық іздеу жариялаған болатын.