Бүгін Қаңтар оқиғасына қатысты іс бойынша сот үкімі шығуы мүмкін, сотталушы орындығында 44 адам бар, — деп хабарлайды ErtenMedia ZTB арнасына сілтеп.
Арна дерегінше, бүгін ең маңызды процестердің бірі бойынша үкім шығады деген болжам бар. Сот процесі 2023 жылы 6 қыркүйекте басталды. 44 сотталушының 25-і тергеу изоляторында, қалғандары үйқамақта.
Басты айыпталушылар арасында мынадай адамдар бар:
- Арман Жұмагелдиев («Дикий Арман») — бірқатар бап бойынша айыпталушы,
- Руслан Ысқақов — ҰҚК 5-ші басқармасының бұрынғы бастығы.
- Талғат Махатов — қаржы полициясының бұрынғы агенті.
- Бұрынғы депутат және кәсіпкер Қайрат Құдайберген.
- Журналист Бердах Бердімұрат және тағы 17 адам түзеу мекемесінде (бұрынғы СИ-18) отырды.
Сот талқылауы барысында кейбір сотталушыларға қатысты бірқатар айып қайта қаралды: Арман Жұмагелдиевтен 11 баптың үшеуі алынып тасталды. Бастапқыда төрт бап бойынша айыпталған Қайрат Құдайбергенде де тек екеуі қалды.