Черногория Қазақстанның Дина Тәңсәріні экстрадициялау туралы сұрауын қанағаттандырмады, деп жазады Ertenmedia.kz.
Елдің Жоғарғы соты Бас прокуратураның құқық қорғаушыны Қазақстанға қайтару жөніндегі өтінішін қабылдамай тастады. Сот шешімі заңды күшіне енген.
Осы шешімнен кейін «НеМолчи» қорының жетекшісі Дина Тәңсәрі мен оның жұбайы Алмат Мұхамеджанов Черногорияда саяси босқын мәртебесіне ие болды. Мұндай мәртебе оларға халықаралық алаңдарда еркін қатысып, Қазақстандағы әйелдер құқығына қатысты мәселені ашық көтеруге жол ашады.
Дина Тәңсәрі биыл сәуір айында Подгорицада ұсталған еді. Алайда тергеу соты оны келесі күні босату туралы шешім шығарған. Қазақстан тарабы оған қарсы қылмыстық істі 2023 жылы «алаяқтық» бабы бойынша қозғаған.
Кейін құқық қорғаушы Қазақстан президентіне үндеу жасап, өзіне қатысты қудалаудың саяси астары барын айтқан. Оның мәлімдеуінше, қысым Ішкі істер министрлігі тарапынан жасалып отырған.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







