Бұрынғы әділет министрі Марат Бекетаевтың ісі «Құпия» белгісімен тергеліп жатқаны белгілі болды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Ұлан Сарқұлов айтты, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz.
Мәжіліс кулуарында агенттік өкіліне «Бекетаевтың ісінің «Болашақ» консалтингтік компаниясының бас директорына қатысты тергеуге қатысы бар ма?» деген сұрақ қойылды.
«Бұл істерде «Құпия» белгісі бар. Миллиондаған доллар қаржы кетіп, шешімі табылмаған арбитраждық істер республиканың пайдасына болмағандықтан, қазір тиісті тергеу жүргізіліп жатыр», — деп жауап берді Ұлан Сарқұлов.
Ал «бас директор мен бұрынғы министрдің бір іске қатысы бар ма?» деген сұраққа агенттік төрағасының орынбасары жауап бермеді.
«Бұл істер құпия. Мен қазір былай немесе былай деп айта алмаймын», — деді Сарқұлов.
Әділет министрлігінің бұрынғы басшысы Марат Бекетаев 2023 жылғы қазанда ұсталған болатын.