Көпшілік асыға күтетін дәстүрлі Kaspi Жұма науқаны жаздың ең ыстық кезеңінде қайта оралмақ. Ағымдағы жылдың 18-21 маусым аралығында өтетін төрт күндік сауда мерекесі әрбір сатып алушыға миллиондаған тауарды айрықша қолайлы шартпен иеленуге мүмкіндік береді деп жазады Ertenmedia.kz.
Интернет-дүкен сөресінде жаздық жабдық, саяжай жиһазы, бассейн мен велосипед, құрылыс пен жөндеуге қажетті құрал-сайман, соңғы үлгідегі смартфон, тұрмыстық техника, киім-кешек пен аяқкиім үйлесімді бағамен ұсынылады.
Тіпті шетелдік демалыс пен отандық шипажайға арналған тур мен жолдаманы да дәл осы науқан аясында рәсімдеу қарастырылған.
Тұтынушылар үшін 50 пайызға дейінгі жеңілдік, көтеріңкі бонус және тиімді бөліп төлеу мүмкіндігі қолжетімді болмақ.
Ауқымды шараға Adidas, Tommy Hilfiger, Calvin Klein, Diesel, Pandora, L’Occitane сияқты әлемдік танымал бренд пен Sulpak, Technodom, «Мечта», «Комфорт», Intertop секілді отандық ірі бөлшек сауда желісі толық жұмылдырылады. Сатып алынған зат мекенжайға немесе жақын маңдағы постоматқа тегін жеткізіледі.
Дүбірлі жәрмеңке тек қатардағы тұтынушының қажетін өтеп қана қоймай, ел экономикасының қозғаушы күші саналатын шағын және орта бизнес өкілінің сауда айналымын бірнеше есеге арттыруға жол ашады.
Kaspi.kz туралы
Kaspi.kz миссиясы клиенттер мен серіктестердің өмірін жақсартатын инновациялық өнімдер мен қызметтер жасау.
Kaspi.kz сервистерін Қазақстан мен Түркияда 25 миллионнан астам клиент пен 900 мың серіктес қолданады. Қазақстанда суперқосымша төлемдер, электронды коммерция, онлайн супермаркет, финтех, саяхат, хабарландыру, мемлекеттік қызметтер мен басқа да сервистерді біріктіреді. Kaspi.kz Түркияда елдегі жетекші электронды коммерция платформасы — Hepsiburada-ға иелік етеді.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







