Грек-рим күресінен Париж Олимпиадасының финалына шыққан Демеу Жадыраев шағын сұхбат беріп, жекпе-жектерін қорытындылады, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz Olympic.kz-ке сілтеп.
Спортшы әсте босаңсымайтынын айтты.
«Олимпиада ойындары болғандықтан, ешбір белдесу оңай болған жоқ. Ешкімді бөліп-жармаймын. Төрткүл дүние көз тіккен жарыс, сондықтан жауапкершілік жүгі ауыр.
Әлі де босаңсуға болмайды. Ертең финалда жолығатын жапон балуанымен бұрын кездесіп, жеңілген едім.
Ал жартылай финалдағы әзербайжандық спортшымен оқу-жаттығу жиындарында күресіп жүрміз. Осы белдесуде бас бапкер Юрий Мельниченконың қойған тактикасымен күрестім. Бәрі ойдағыдай шықты.
Қолдауларыңызға рахмет. Енді финалды күтеміз», — деді Жадыраев.