Ақтау қаласындағы «Каспий» су тұщыту зауытында жаңғырту жұмыстары толық аяқталды,- деп хабарлайды Ertenmedia.kz
Маңғыстау облысында ауызсу тапшылығын жою үшін 6 жоба қолға алынған. Солардың бірі — Ақтау қаласындағы су тұщыту зауыты. Бұл кәсіпорын халықты сапалы ауызсумен қамтамасыз ету үшін өндіріс қуатын екі есе арттырды.
Зауыт қуаты тәулігіне 20 мың текше метрден 40 мың текше метрге ұлғайтылды. Қазіргі таңда өндіріс автоматтандырылған жүйеде жұмыс істеп тұр.
«Зауыт Ақтау қаласынан бөлек Мұнайлы және Қарақия аудандарын сумен қамтамасыз етіп отыр. Алдағы уақытта «Каспий» су тұщыту зауытының көлемін тағы 60 мың текше метрге ұлғайтып, 100 мың текше метрге жеткізу жоспарлануда», — деді «Каспий» су тұщыту зауыты ЖШС директоры Серік Гусман.