Астанада 21 маусым күні ведомствоаралық арнайы-тактикалық оқу-жаттығу өтіп, №1 индустриялық парк аумағында қозғалысқа уақытша шектеу енгізіледі, деп жазады Ertenmedia.kz.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі хабарлағандай, оқу-жаттығу күзетілетін тұлғалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған. Іс-шара сағат 08:00-ден 15:00-ге дейін елордадағы №1 индустриялық парк аумағында өтеді.
Оқу-жаттығу кезінде аталған аумақта автокөлік пен жаяу жүргіншілер қозғалысына уақытша шектеу қойылады. Қала тұрғындары мен қонақтарынан қауіпсіздік шараларына түсіністікпен қарап, құқық қорғау органдары қызметкерлерінің заңды талабын орындау сұралады.
Мемлекеттік күзет қызметі азаматтарды тек ресми ақпарат көздеріне сенуге және жалған мәлімет таратпауға шақырды.
Жаттығудың негізгі мақсаты, күзетілетін тұлғалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін күштер мен құралдардың өзара іс-қимылын пысықтау. Мұндай іс-шаралар төтенше жағдайға жедел әрекет ету, ведомстволар арасындағы үйлесімді күшейту және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін өткізіледі.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







