Британдық Radio Caroline радиостанциясы король Карл III қайтыс болды деген қате хабар таратқаны үшін кешірім сұрады, деп жазады Ertenmedia.kz.
Оқиға радиостанцияда «Монарх» деп аталатын арнайы протоколдың кездейсоқ іске қосылуынан болған. Мұндай протокол Ұлыбритания монархы қайтыс болған жағдайда ақпарат тарату үшін алдын ала дайындалады.
Radio Caroline басшысы Питер Мур Facebook парақшасында сейсенбі күні түстен кейін «Монарх» протоколы қателесіп іске қосылғанын және соның салдарынан эфирде корольдің қайтыс болғаны туралы жалған хабар айтылғанын түсіндірді.
Оның сөзінше, қателікке негізгі студиядағы компьютерлік ақау себеп болған. Радиостанция алдымен тікелей эфирде кешірім сұрап, кейін әлеуметтік желіде де король мен тыңдармандарға арнап ресми кешірім жариялады.
Қате хабар айтылған эфир жазбасы кейін радиостанция сайтынан қолжетімсіз болып қалған.
1964 жылы құрылған Radio Caroline бұған дейін корольдік отбасы мүшелерінің ресми үндеулерін эфирге шығару құрметіне ие болғанын атап өтті. Радиостанция алдағы уақытта да мұндай сенімді сақтағысы келетінін жеткізді.
Оқиға болған сәтте Карл III Солтүстік Ирландияға сапармен барған. Ол онкологиялық ауруға байланысты ем қабылдауды жалғастырып жатыр.
Айтқандай, АҚШ Әділет министрлігі Кубаның бұрынғы басшысы Рауль Кастроға сырттай айып тақты.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







