Қызылорда облысының жаңа әкімі болып Мұрат Ергешбаев тағайындалды. Тиісті жарлыққа Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды, деп хабарлайды Ertenmedia.kz.
Мұрат Ергешбаев Сыр өңірінің тумасы, әр жылдары Қызылорда облысының бірқатар аудандарын басқарған. 2008-2010 жылдары Қызылорда қаласының әкімі қызметін атқарған. Соңғы қызметі Парламент Мәжілісінің депутаты.
Еске сала кетсек, бұған дейін облысты басқарған Нұрлыбек Нәлібаев Премьер-министрдің бірінші орынбасары қызметіне ауысқан болатын.
Бұған дейін Ertenmedia-ның тұрақты сарапшысы Айбар Олжай Нәлібаевтың жұмысына оң баға беріп, Үкіметтегі «Қызылорда моделі» бүкіл елге тарауы мүмкін деген еді.
«Нәлібаевтың Қызылорда облысындағы соңғы жылдардағы қызметіне көз жүгіртсек, нақты нәтиже, айқын көрсеткіштерді байқаймыз. Ол шаруаның адамы екендігін өңірдегі атқарылған жұмыстармен көрсете білді», – деп атап өтті сарапшы.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







