Маңғыстау облысында жантүршігерлік жол апатынан 10 адам көз жұмды деп хабарлайды Ertenmedia.
Қайғылы оқиға 11 қыркүйек күні Қарақиян ауданындағы Сенек ауылынан 90 шақырым жерде болған.
Toyota Hiace шағын автобусының жүргізушісі көлікті басқара алмай, жолдан шығып, бірнеше жолаушысымен бірге аударылған.
МЫНАНЫ ДА ОҚИ КЕТІҢІЗ
Алматыдағы Ұлттық кітапхана түн ортасына дейін жұмыс істейтін болдыМектеп зертханасынан өндіріске дейін: Отандық экзоскелет инклюзияға қалай көмектеседі?Жаңа технологияларды өзі жасайтын ел: Тәшенев университетінде маңызды жиын өттіОқиға орнында 8 адам қаза тапса, тағы екі адам ауруханаға барар жолда жан тапсырған. Жүргізуші мен тағы екі жолаушы түрлі жарақат алып, ауруханаға жеткізілді.
Қазір бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тиісті сараптамалар тағайындалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







