Маңғыстау облысында қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына көмек жинау бойынша бірыңғай оператор анықталды, деп хабарлады өңір әкімдігінде, деп хабарлайды Ertenmedia.kz.
Билікке әскерилердің туған-туыстарына материалдық қолдау көрсеткісі келетін қазақстандықтардан, кәсіпкерлерден және ұйымдардан өтініштер түсіп жатыр. Сондықтан әкімдік, соның ішінде алаяқтықтың алдын алу мақсатында, көмек көрсетудің бірыңғай ресми тетігін қамтамасыз ету туралы шешім қабылдады.
Қаражат қозғалысын бақылау
«Қорға түсетін барлық қаражат тек қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларын қолдауға бағытталады. Қаражатты жұмсау қатаң түрде нысаналы мақсаты бойынша және толық ашықтық қағидаттары негізінде жүзеге асырылады. Қордың қызметі мен түсетін қаражаттың қозғалысы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының бақылауында», – делінген әкімдік хабарламасында.
Әкімдік азаматтардан ақшаны жеке банк карталарына, жеке тұлғалардың шоттарына немесе белгісіз деректемелер бойынша аудармауды сұрайды.
Қордың ресми деректемелері
«Ұлттық рух» қоғамдық бірлестігі.
БСН: 090140013447.
Банк: «Alatau City Bank» АҚ.
БИК: TSESKZKA.
ЖСК: KZ03998PTB0000488655.
Валюта: KZT.
Каспийдегі қайғылы оқиға
24 қыркүйекте Каспий теңізіндегі оқу-жаттығу кезінде ауа райының бұзылуы мен желдің күшеюі салдарынан теңізге 17 әскери қызметшіні алып кеткен. Олардың 14-і қаза тауып, үшеуі аман қалды.
25 қыркүйек Қазақстанда жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды.
Аталған факті бойынша екі қылмыстық іс қозғалды: 453-баптың 2-бөлігі («Ауыр зардаптарға әкеп соққан қызметке салғырт қарау») және 465-бап («Кеме жүргізу қағидаларын бұзу») бойынша. Сондай-ақ тергеу қызметке салғырт қарады деген күдіктілерді анықтады.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







