Қазақстанның басым бөлігінде мереке күндері жаңбырлы әрі тұрақсыз ауа райы күтіледі, деп жазады Ertenmedia.kz.
«Қазгидромет» болжамына сәйкес, ел аумағында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Кей өңірде бұршақ түсіп, жел екпіні күшеюі мүмкін.
Синоптиктер 7-9 мамыр аралығында батыс өңірлерде қатты жаңбыр жауатынын хабарлады. Ал 8-9 мамыр күндері солтүстік облыстарда жауын-шашын күшейеді.
Оңтүстік аймақтарда ауа температурасы жоғары болғанымен, қысқа мерзімді жаңбыр мен найзағай күтіледі. Елдің шығыс бөлігінде жауын-шашын 9 мамырдан бастап байқалады.
Температуралық фон салыстырмалы түрде жылы болады. Батыста ауа температурасы +18…+28 градусқа дейін көтеріледі. Солтүстікте +18…+23 градус, орталық өңірлерде +20…+28 градус шамасында сақталады.
Оңтүстік пен оңтүстік-шығыста күн айтарлықтай жылы болады. Мұнда ауа температурасы +28…+33 градусқа дейін жетеді. Шығыста +25…+30 градус аралығында жылы ауа райы күтіледі.
Мереке күндері жолға шығатын тұрғындарға ауа райын алдын ала бақылап, найзағай, бұршақ және екпінді жел кезінде сақтық шараларын күшейткен жөн.
Танымал журналист Ербол Мәндібек актер, шоумен Қайрат Әділгерейді несиенің батпағынан шығарып алайық, жағдай жоқ екен деп үндеу жасады.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







