Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа есеп берді, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz.
Министр спортшыларының ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарына дайындығы туралы есеп берді;
- лицензиялық турнирлердің қорытындысы жөнінде баяндады: төрт жылдықтың басты додасына Қазақстан ұлттық құрамасы спорттың 25 түрінен 92 лицензия иеленген;
- Парижде барлығы 80 спортшы ел намысын қорғайды.
- ұлттық құраманың Олимпиадаға дейінгі оқу-жаттығу жиындары мен спортшыларды қолдау шаралары туралы айтты;
- спортты басқару институттарын жетілдіру бағытында жүргізіліп жатқан жұмыстардың есебін берді.
Мемлекет басшысы Олимпиада ойындарының спортшыларымызға зор жауапкершілік жүктейтінін атап өтті. Сондай-ақ, Қазақстан құрамасы әлем алдында мәдениетті, ұстамды әрі озық үлгілерімен ерекшеленуге тиіс екеніне назар аударды.
МЫНАНЫ ДА ОҚИ КЕТІҢІЗ
Грин-карта тәртібі қатайды: АҚШ тұрақты тұруға өтінішті ел сыртынан қабылдайдыКөпқабатты үй ауласында мал союға болмайды: Құрбан айтқа қатысты талап түсіндірілдіҚұрбан айт алдындағы баға: қой 86 мыңға, түйе 1,1 млн теңгеге жетті📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!






