Қазақстанның Тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев Маңғыстау облысындағы оқу-жаттығу кезінде қаза тапқан әскери қызметшілердің туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтты, деп хабарлайды Ertenmedia.kz.
Нұрсұлтан Назарбаев қайғылы оқиға туралы қаралы хабарды зор күйзеліспен қабылдағанын және қаза тапқандардың отбасыларының ауыр қайғысына ортақтасатынын атап өтті.
Оқу-жаттығудағы қайғылы жағдай
24 қыркүйекте Каспий теңізінің жағалауында өткен оқу-жаттығу барысында ауа райының күрт нашарлауы салдарынан 17 әскери қызметшіні су шайып кеткен болатын.
Соңғы нақтыланған мәліметтер бойынша, 12 адам қаза тауып, 3 сарбаз құтқарылды. Тағы екі әскери қызметшіні іздестіру жұмыстары жалғасуда.
Аталған дерек бойынша екі қылмыстық іс қозғалды. 25 қыркүйек Қазақстанда жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







