Бүгін таңертең Оңтүстік Кореяда ұшақ апатқа ұшырады. Жергілікті БАҚ-тың мәліметтеріне сүйенсек, Муан қаласының әуежайына қонған кезде апатқа ұшыраған ұшақ құстармен соқтығысқан болуы мүмкін, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz.
Yonhap агенттігі ресми органдар айтқан ақпаратты келтірді.
«Билік: Муанда ұшақ апатқа ұшыраған кезде құспен соқтығысу шассидің істен шығуына себеп болуы мүмкін», — деп жазылған хабарламада.
Ұшақтың шассиі — ұшақтың жер бетінде қозғалуына, қонуы мен ұшуына арналған құрал.