18 тамызда Қазақстанның оңтүстігінде аптап сақталып, ауа температурасы +37°C-қа дейін көтеріледі, ал солтүстік пен шығыстың бірқатар өңірінде жаңбыр, найзағай, бұршақ және екпінді жел күтіледі. Алматыда да таңертең және күндіз өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнауы мүмкін, – деп жазады Ertenmedia.kz.
«Қазгидромет» 18-20 тамыз аралығында елдің солтүстігінде салқындау, оңтүстікте ыстық ауа райы сақталатынын хабарлады.
Астанада көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 9-14 м/с, күндіз екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Түнде +10…+12°C, күндіз +23…+25°C болады.
Алматыда таңертең және күндіз аздаған жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан соғатын жел 3-8 м/с, кей уақытта екпіні 11 м/с-қа дейін күшейеді. Түнде +19…+21°C, күндіз +31…+33°C күтіледі.
Шымкентте жауын-шашынсыз, күндіз +34…+36°C ыстық болады. Түркістанда аптап одан да күшейіп, сынап бағанасы +35…+37°C-қа дейін көтеріледі. Екі қалада да солтүстік-батыстан жел соғады.
Қонаевта жауын-шашын күтілмейді. Түнде +18…+20°C, күндіз +32…+34°C болады. Талдықорғанда да күн құрғақ, түнде +13…+15°C, күндіз +30…+32°C күтіледі.
Қызылордада аспан ашық болып, күндіз +33…+35°C ыстық сақталады. Таразда жауын-шашынсыз, күндіз +32…+34°C, жел екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетеді.
Ақтауда күн құрғақ, түнде +21…+23°C, күндіз +31…+33°C болады. Атырауда күндіз аздаған жаңбыр жауып, найзағай ойнауы мүмкін. Мұнда ауа температурасы +29…+31°C шамасында сақталады.
Оралда жауын-шашынсыз, күндіз +30…+32°C күтіледі. Ақтөбеде де күн ашық болып, ауа температурасы түнде +14…+16°C, күндіз +30…+32°C-қа дейін көтеріледі.
Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды
Қарағандыда күн біршама салқын. Түнде +10…+12°C, күндіз +23…+25°C болады. Батыс және оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні кей уақытта 15 м/с-қа жетеді.
Жезқазғанда жауын-шашын болмайды. Түнде +14…+16°C, күндіз +26…+28°C күтіледі.
Қостанайда түнде және таңертең жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, тұман түседі. Түнгі температура +8…+10°C, күндіз +20…+22°C шамасында болады.
Көкшетауда да түнде және таңертең жаңбыр мен найзағай күтіледі. Ауа температурасы түнде +11…+13°C, күндіз +20…+22°C болады.
Петропавлда қолайсыз ауа райы болжанып отыр. Түнде жаңбыр, күндіз аздаған жаңбыр, найзағай, бұршақ және дауылды жел күтіледі. Жел екпіні 15-20 м/с-қа дейін күшейіп, күндізгі температура +20…+22°C болады.
Павлодарда күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды және бұршақ түсуі ықтимал. Батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Түнде +12…+14°C, күндіз +21…+23°C күтіледі.
Семейде жауын-шашын болмайды, алайда күндіз жел екпіні 15-20 м/с-қа дейін күшеюі мүмкін. Ауа температурасы түнде +12…+14°C, күндіз +28…+30°C болады.
Өскеменде түннің алғашқы жартысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Күндіз ауа +28…+30°C-қа дейін жылынады.
Жалпы, 18 тамызда елдің солтүстігі мен шығысында атмосфералық тұрақсыздық сақталып, жаңбыр, найзағай және күшті жел басым болады. Оңтүстік пен оңтүстік-шығыста ыстық ауа райы жалғасып, жекелеген өңірде температура +37°C-қа дейін жетеді.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







