Атырау облысында халықтың жан басына шаққандағы орташа номиналды ақшалай табысының ең жоғары мәні екінші тоқсанда республикалық деңгейден екі есе дерлік асып, 383 171 теңге болды, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz.
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, бұл көрсеткіш бойынша екінші орында Алматы, онда халықтың жан басына шаққандағы номиналды табысының деңгейі — 297 188 теңге. Үшінші орында 278 117 теңге көлеміндегі көрсеткішпен Маңғыстау облысы тұр.
Ең төменгі табыс деңгейі Түркістан облысында байқалады, яғни 119 753 теңге.
МЫНАНЫ ДА ОҚИ КЕТІҢІЗ
Жетісу университеті америкалық білім тәжірибесін енгізеді«Қыркүйектен» туған реформа: Орфографиялық сөздік 13 жылдан кейін қайта жазыладыМүгедектігі бар қызметкерге берілетін салық жеңілдігінің тәртібі түсіндірілді📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







