Мәжіліс депутаты Еділ Жаңбыршин Air Astana басшысы Питер Фостерге айтқан мәлімдемесіне қатысты пікір білдірді, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz.
Жанбыршин Питер Фостер езу тартқан кезде орынсыз әрекет етті деп санайды.
Айта кетейік, 23 желтоқсанда өткен Үкімет отырысында депутат Еділ Жаңбыршин Air Astana басшысы Питер Фостерді «Шаңыраққа қараңыз. Біз абориген емеспіз!» деп сөзбен сойып салды.
«Air Astana-ны, лоукостердің мәселесін дұрыстап, майшаммен қарау керек. Фостер мырза, сіз шаңыраққа қараңыз. Сіз осы мемлекеттің заңына бағынуыңыз керек. …Күлетін ештеңе емес. Сіз күлмеңіз. Осы жерде отырып алып, бізді менсінбей отырсыз. Біз сізге ештеңені түсінбейтін Африкадағы абориген емеспіз. Ойнамаңыз! Бұл — Парламент, осы жерде отырғандары бәрі — халық сайлаған, халықтың өкілдері», — деп ашынды Үкімет отырысында депутат.