Қазақстанда 2025-2026 жылдардағы қысқы маусымға дайындық аясында мал азығын дайындау жұмыстары жоспарға сай жүргізіліп жатыр. Жергілікті атқарушы органдардың мәліметінше, республика бойынша 36,8 млн тонна мал азығы жиналды, деп жазады Ertenmedia.kz.
Дайындалған қордың құрылымы мынадай: 25 млн тонна пішен (жоспардың 101,9%), 1,9 млн тонна сенаж (112,8%), 3,4 млн тонна шоғырланған жем (62,2%), 2 млн тонна сүрлем (99,1%) және 4,4 млн тонна сабан (95,8%).
Пішен дайындауда Солтүстік Қазақстан (147%), Шығыс Қазақстан (116%), Алматы (105,6%), Жетісу (104,5%), Ақтөбе (103,2%), Қызылорда (103,2%) және Ұлытау (102,3%) облыстары жоғары нәтиже көрсетті.
Сенаж бойынша да оң көрсеткіштер байқалады. Бұл бағытта Солтүстік Қазақстан (163%), Жамбыл (114,6%), Қостанай (107,7%), Алматы (107,5%) және Павлодар (105%) облыстары алда тұр.
Мамандардың айтуынша, жиналған мал азығы қыста малды толыққанды азықтандыруға жеткілікті. Бұл өз кезегінде мал басын сақтауға, өнімділікті төмендетпеуге және төл алу жоспарын орындауға мүмкіндік береді. Жалпы республика бойынша мал азығымен қамтамасыз ету жағдайы тұрақты деп бағаланып отыр.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







