Орталық сайлау комиссиясы 2026 жылғы 23 тамызда өтетін Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлауына «Байтақ» жасылдар партиясының тізімін тіркеді. Тиісті қаулы комиссия отырысының қорытындысы бойынша қабылданды, – деп жазады Ertenmedia.kz.
Отырыс соңында ОСК мүшелері партиялық тізімді тіркеуге қатысты хаттамаларға қол қойды. Осыдан кейін Құрылтай депутаттығына кандидат ретінде тіркелген азаматтарға тиісті куәліктер табысталды.
Комиссия шешімімен «Байтақ» партиясы алдағы сайлау науқанына ресми түрде қатысу құқығына ие болды. Енді саяси ұйым сайлау заңнамасында белгіленген тәртіппен үгіт-насихат жұмысын жүргізе алады.
Отырыс аяқталғаннан кейін партия басшылығы бұқаралық ақпарат құралдарына арналған дәстүрлі брифинг өткізді. Партия өкілдері журналистердің сайлауалды бағдарламаға, кандидаттар тізіміне және алдағы науқанға қатысты сұрақтарына жауап берді.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







