Семейде қоқыс жәшігінен денесінің 80 пайызын күйік шалған сәби табылды, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz.
Оқиға 13 қазанда болған.
«Бұл факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталып, іс Абай облысының прокуратурасының арнайы бақылауына алынды», – деп хабарлады облыстық прокуратура.
Хабарламада сәби 12:00 шамасында табылып, ауыр жағдайда жансақтау бөліміне жеткізілгені айтылған. Алайда кейінірек Абай облыстық полиция басқармасы жанып жатқан қоқыс жәшігінен табылған бала қайтыс болғанын мәлімдеді. Баланың өліміне қатысты бірқатар сараптама тағайындалды.
«Полиция күдіктіні және істің мән-жайын анықтау мақсатында жедел-іздестіру шараларын жүргізіп жатыр», – деп хабарлады Абай облысы полиция басқармасының баспасөз қызметі өкілі.