Қырғызстандық блогер «Шерзат үшін» деген жазуы бар плакат ұстап көшеге шықты, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz.
24 жастағы Арген Асанов әлеуметтік желідегі парақшасына видео жариялады. Ол «Шерзат үшін» деген жазуы бар плакатты ұстап шыққан.
«Қырғызстан сіздермен бірге», — деп жазды ол.
Желі қолданушылары блогердің ісіне ризашылығын білдірді. Желідегілердің көбі қырғыз болса да, Шерзат Болаттың өліміне қабырғалары қайысатынын жазған.
«Қырғыз болсам да, ата-анасын ойлап жүрегім езіледі», «Қазақстанда әділетті сот шешімі шыққанын қалаймыз», «Бір отбасы екі адамынан айырылды. Оңай емес», «Қазақ-қырғыз бір туған» деп жазды желідегілер.