Талғарда қаза тапқан Шерзат Болаттың әпкесі елде қалатын болды. Бұл туралы әлеуметтік желіде заңгер Инга Иманбай жазды, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz.
«Талғарда кісі қолынан қаза болған Шерзат Полаттың әкесінің қарындасы Бақыт Рейімова Қазақстанда қалатын болды. Оған біздің, Қазақстандағы Халықаралық Адам құқығын қорғау бюросының да үлесі бар», — деді ол.
Еске салайық, 9 желтоқсанда Алматы облысында Шерзат Болаттың ағасы Нұрқанат Ғайыпбаев өлі табылған еді. Полиция департаментінің алдын ала деректері бойынша ол суицид жасаған.
Оған дәлел ретінде полицейлер Нұрқанаттың туысына мессенджер арқылы жазған хатын жария етті.
Ал жерлеу рәсімінен соң Шерзаттың әкесі ұсталып, полиция бөліміне жеткізілді. Кейін сот шешімі шығып, ол 15 тәулікке қамалды.
Шерзат Болаттың өзге де туыстарына қатысты сот үкімі шықты. Оның ішінде Шерзаттың әпкелері де бар.