2024 жылы Шымкентте әкімнің жиналысы кезінде тұрғын үй басқармасы басшысы міндетін атқарушы ұсталды. Оқиғаның видеосын қала әкімі Ғабит Сыздықбеков Instagram-да жариялады.
Экс-шендіге сот қандай үкім шығарғаны белгілі болды, — деп хабарлайды ErtenMedia.
Ол Шымкенттегі 216 тұрғын үйдің сейсмикалық тұрақтылығын технологиялық тексеру бойынша жұмыстарды орындауға бөлінген бюджет қаражатын жымқырды деп айыпталды.
«2024 жылғы 27 тамызда ол 9 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына кесілді, сондай-ақ, өмір бойына қандай да бір мемлекеттік лауазымды атқару құқығынан айырылды», — деді Шымкент қаласының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің баспасөз қызметі өкілі Tengrinews.kz-ке берген ресми жауабында.
Айта кетейік, әкім бұл «көріністің себебін» өзгелерге сабақ болсын деген ой деп түсіндірген еді.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентігінің тарапынан қалалық басқармалардың бірінде басшы лауазымдағы азаматтың іс-әрекеттері күдік тудырғаны анықталған. Осыған орай әкімдіктің бүгінгі аппараттық мәжілісі үстінде сол азаматты тергеу жұмыстары жүргізілетін уақыт аралығына қамаққа алу мүмкіндігі берілді. Көпшіліктің көз алдындағы бұл жағдай сол жиынға қатысқан әкімдіктің басшылық құрамымен қатар барша қызметкерлерге ой салар деп білемін. Әр нәрсенің сұрауы барын, бірінші кезекте сұрау салар адам бар екенін әріптестерім ұмытпағаны жөн. Мұндайдан арашалап, қорғап қалар ешкім болмайды. Тек қана еңбекті адал атқарып, міндетімізді абыройлы орындап, ел алғысына бөленуіміз қажет», — деп ескертті әкім.