30 қыркүйекте Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Оңтүстік өңірлерде жаңбыр жауып, найзағай ойнаса, солтүстік пен шығыста үсік жүреді, – деп жазады Ertenmedia.kz.
Астанада күн құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Желдің екпіні секундына 15-18 метрге дейін күшейеді. Түнде ауа температурасы +4…+6, күндіз +19…+21 градусқа жетеді.
Алматыда жауын-шашын күтілмейді, түнде +9…+11 градус болады. Күндіз ауа +22…+24 градусқа дейін жылынады. Қонаевта да күн ашық әрі жылы болып, температура +21…+23 градусты көрсетеді.
Батыста күздің жайлы әрі құрғақ күні сақталады. Ақтауда күндіз +24…+26, Атырау мен Қостанайда +23…+25, Ақтөбеде +18…+20 градус болжанған. Оралда түнгі температура +3…+5, күндізгі көрсеткіш +19…+21 градус шамасында болады.
Солтүстік пен шығыста топырақ беті қатады
Қарағандыда түнде +2…+4 градус болғанымен, топырақ бетінде -1 градусқа дейін үсік жүреді. Жел екпіні секундына 15-20 метрге жетуі ықтимал. Күндіз ауа температурасы +19…+21 градус болады.
Көкшетауда түнде +2…+4 градус, топырақ бетінде -2 градусқа дейін үсік күтіледі. Петропавлда ауа +3…+5 градус болғанымен, жер бетінде -1 градусқа дейін суытады. Екі қалада да күндізгі температура +16…+21 градус аралығында қалыптасады.
Павлодарда түнде +2…+4 градус, топырақ бетінде -1 градус үсік болады. Семейде желдің екпіні секундына 15-20 метрге дейін күшейіп, күндіз +18…+20 градусқа жетеді. Өскеменде ауа температурасы түнде -2…-4 градусқа дейін төмендеп, күндіз +17…+19 градус болады.
Жезқазғанда жауын-шашынсыз ауа райы сақталып, күндіз +17…+19 градус болжанған. Талдықорғанда түнгі температура 0…+2 градусқа дейін төмендейді. Күндіз өңірде ауа күрт жылынып, +25…+27 градусқа жетеді.
Оңтүстікте жаңбыр жауып, найзағай ойнайды
Шымкентте күн бұлтты болып, жаңбыр жауады және найзағай ойнайды. Желдің екпіні секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. Түнде +10…+12, күндіз +22…+24 градус болады.
Таразда да жаңбыр мен найзағай күтіледі. Ауа температурасы түнде +10…+12, күндіз +21…+23 градус шамасында қалыптасады. Жел секундына 9-14 метр жылдамдықпен соғады.
Түркістанда жауын-шашын болжанбағанымен, екпінді жел сақталады. Қызылордада күн құбылмалы бұлтты әрі құрғақ болып, күндіз +23…+25 градусқа дейін жылынады. Оңтүстік өңірлердің тұрғындарына найзағай мен қатты жел кезінде сақтық шараларын ұстанған жөн.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







