Смартфон сатып аларда процессоры мен камерасына ғана емес, қорғаныс деңгейіне де мән берген жөн деп хабарлайды Ertenmedia.kz.
IP стандарты смартфонның суға және шаңға төзімділігін білдіреді. Мысалы, IP68 рейтингі бар телефон шаң кіргізбейді әрі бір метрден терең су астында 30 минуттан астам жұмыс істейді. Ал IPX9 рейтингі қысымы жоғары су ағынына төзімді болғанымен, су астында тұруды кепіл етпейді.
2026 жылы нарыққа шыққан үздік смартфондар арасында екі рейтингті де алғандары бар.
iPhone 17 Pro Max
Apple-дың ең қымбат әрі төзімді моделі iPhone 17 Pro Max. IP68 қорғанысымен жасалған телефонның суға түссе де жұмысы үзілмейді. Теңіз жағасында не бассейнде 48 Мп негізгі, перископ-телеобъектив және ультракең камерасы мен 18 Мп селфи камерасын алаңсыз қолдана беруге болады.
Құрылғы қуаты 4823 мАсағ, eSIM нұсқасында 5088 мАсағ-қа жетеді. Толық зарядпен 37 сағат видео ойнатады. 6,9 дюймдік LTPO Super Retina XDR OLED экраны 120 Гц жиілігімен және 3000 нит жарықтығымен таңдай қақтырады. Жүрегінде A19 Pro процессоры тұр. Бағасы – $1199.
Motorola Razr+
Motorola-ның жаңа буын жиналмалы Razr+ смартфоны IP48 қорғаныс рейтингімен су шашырауына төтеп береді. Сырты экологиялық терімен қапталған, шағын 4 дюймдік AMOLED қосымша экраны қалтаңызда жатып-ақ ақпарат береді.
Snapdragon 8s процессоры мен Adreno 735 графикасы жұмысты жылдамдатады. Титанмен күшейтілген топсасы сенімді. Батарея сыйымдылығы – 4000 мАсағ, толық заряд 45 минутта толады. Бағасы – $584.99.
Google Pixel 10 Pro
Google Pixel 10 Pro IP68 рейтингімен шаң мен суды өткізбейді. АҚШ-та тек eSIM қолдайтын модель Gorilla Glass Victus 2 шынымен қорғалған. 50 Мп негізгі, 48 Мп теле және ультракең, 42 Мп селфи камералары сурет сапасымен таңғалдырады. Qi2 магниттік сымсыз қуаттағышты алғаш рет Android смартфонында ұсынды.
Google Tensor G5 чипсеті алдыңғы буынмен салыстырғанда сәл әлсіздеу болса да, жасанды интеллектімен ерекшеленеді. Бағасы – $949.
Samsung Galaxy S26 Ultra
Samsung-тың IP68 қорғанысты Galaxy S26 Ultra моделі Privacy Display жеке экран қорғанысымен шықты.
200 Мп негізгі камерасы, 50 Мп перископтық телеобъективі, 10 Мп стандартты телеобъектив және 50 Мп ультракең камерасы кәсіби деңгейдегі фотосуреттер түсіреді.
Алюминий жақтауының арқасында салмағы 214 грамға жеңілдеген. Snapdragon 8 Elite процессоры заманауи қосымшаларды тез іске қосады. Бағасы $1079.99.
Motorola Edge 60 Pro
Орта санаттағы Motorola Edge 60 Pro – IP68/IP69 қосарланған қорғаныс рейтингі бар сенімді смартфон. Gorilla Glass 7i шынысы және әскери MIL-STD-810H стандарты төзімділігін арттырады. 6000 мАсағ батареясы бір зарядпен 30 сағат үздіксіз істейді, 90 ватт қуаттағышпен 50 минутта толық зарядталады. Бағасы – $457.72.
Камерасы орташа, Moto AI мүмкіндіктері шектеулі болса да, беріктігі мен тиімділігімен бағасын ақтайды.
ASUS ROG Phone 9 Pro
Бағасы бас айналдыратын ASUS ROG Phone 9 Pro ойынқұмарлардың арманына айналған. IP68 рейтингімен қорғалған смартфон Snapdragon 8 Elite процессоры мен Adreno 830 графикасының арқасында кез келген ойынды жылдам іске қосады. AMOLED экранының жаңарту жиілігі – 185 Гц.
50 Мп негізгі камерасы ойын телефонына тән емес, сапалы фотолар түсіреді. 20 сағатқа жететін батареясы ойыннан бас көтермей ойнауға мүмкіндік береді. Артқы AniMe Vision жарық диодтары дизайнын ерекшелей түседі. Бағасы – $1599.99.
Motorola Razr Ultra
Қатталған смартфондар арасындағы Motorola Razr Ultra моделі IP48 қорғаныс рейтингімен назар аударады. Негізгі экраны 7 дюйм, қосымша экраны 4 дюйм. Snapdragon 8 Elite процессоры барлық әрекеттерді жылдам орындауға мүмкіндік береді.
4700 мАсағ батареясы 18 сағат жұмыс істейді, толық заряд небәрі 40 минутта толады. Motorola құрылғыға үш жылдық бағдарламалық жаңарту ұсынады. Бастапқы бағасы $1299.99 болғанымен, Amazon-да $699.99-ға табуға болады.
Samsung Galaxy Z Flip7
Samsung Galaxy Z Flip7 IP48 қорғанысты, қос экранды смартфон. Негізгі экран өлшемі 6,9 дюйм, қосымша экран 4,1 дюйм, екеуі де 120 Гц AMOLED дисплеймен жабдықталған.
50 Мп негізгі камерасы мен 12 Мп ультракең объективі жақсы фото түсіреді. Телеобъективтің жоқтығы кемшілік саналады. 4300 мАсағ батареясы алдыңғы буыннан қуаттырақ. Samsung бұл смартфонға 7 жылдық бағдарламалық жаңарту қолдауын ұсынып отыр. Бағасы $899.
OnePlus 15
OnePlus компаниясының абыройын қайта көтеретін OnePlus 15 моделі IP68/IP69 қос рейтингімен қорғалған. Gorilla Glass Victus 2 және алюминий жақтауы құрылғыны берік етеді.
Sand Storm моделінің корпусында аэрокосмостық Micro-arc технологиясымен жасалған керамикалық жабын бар.
7300 мАсағ батареясы үш күн бойы жұмыс істейді. Snapdragon 8 Elite процессоры ауыр қосымшалар мен ойындарды еш қиындықсыз ашады. Бағасы – $899.99.
Samsung Galaxy S25 FE
Бюджеттік сегменттегі Samsung Galaxy S25 FE IP68 қорғаныс рейтингімен жабдықталған. 6,7 дюйм LTPO AMOLED экранының жарықтығы – 1900 нит, жаңарту жиілігі – 120 Гц. 4900 мАсағ батареясы толық күнге жетеді, 45 ватт қуаттағышы арқылы бір сағатта толық зарядталады. Exynos 2400 процессоры күнделікті тапсырмаларды атқаруға жеткілікті. Бағасы $551.78.
Орташа камера сапасы мен орта деңгейлі процессорына қарамастан, қолжетімді бағаға судан қорықпайтын смартфон алғысы келетіндер үшін тиімді таңдау.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







