Қасым-Жомарт Тоқаев Маңғыстауда қаза тапқан әскерилердің туған-туыстарына көңіл айтып, кінәлілер қатаң жазаланатынын және марқұмдар марапатқа ұсынылатынын жеткізді.
әскери қызметшілер
Air Astana мен FlyArystan Каспийдегі оқу-жаттығуда зардап шеккен және қаза тапқан әскери қызметшілер мен олардың жақындарына тегін билет ұсынады.
«Әділет» партиясы мен Іскерлік кеңес өкілдері Маңғыстауда зардап шеккен әскерилердің отбасыларына 1,5 млрд теңге көмек бөлді.
Маңғыстау облысындағы қайғылы оқиға салдарынан қаза тапқан батысқазақстандық үш әскери қызметшінің денесі Оралға жеткізілді. Марқұмдармен қоштасу рәсімі 26 қыркүйекте өтеді.
Алматыда өтіп жатқан «Қазақстан – Қытай» инвестициялық форумында қатысушылар Маңғыстау облысында қаза тапқан әскери қызметшілерді бір минут үнсіздікпен еске алды.
Каспий теңізіндегі іздестіру-құтқару шаралары барысында жоғалған екі әскери қызметшінің денесі табылды. Қорғаныс министрлігі марқұмдардың отбасына жан-жақты көмек көрсетілетінін мәлімдеді.
Каспийде жоғалған екі әскери қызметшіні іздеуге 250-ден астам адам, 37 сүңгуір, 14 кеме және 20-дан астам әуе кемесі тартылды.
Қасым-Жомарт Тоқаев Каспийдегі әскерилердің қазасына байланысты көңіл айтқан Ресей президенті Владимир Путинге ризашылығын білдірді.
Қазақстан Халық Кеңесінің мүшелері Шахмұрат Мүтәліп пен Гаджи Гаджиев Каспийде оқу-жаттығу кезінде қаза тапқан әскерилердің отбасына материалдық көмек көрсететінін жеткізді.
Маңғыстау облысындағы қайғылы оқиға салдарынан 12 әскери қызметші қаза тапты. Премьер-Министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев ресми мәлімдеме жасады.









