Алматы тау кластері Іле-Алатау ұлттық табиғи паркінің 0,049%-ын ғана қамтиды. Жоба инфрақұрылымды табиғатқа ең аз әсер ете отырып дамытуға бағытталған.
Алматы іргесіндегі Көкжайлау шатқалында Almaty SuperSki тау шаңғысы курортының құрылысы басталды. Бұл бастама қоғам мен экобелсенділердің жаңа наразылығын тудырды.