Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин депутаттардың дүкендер үшін эквайринг комиссиясын 0,5%-ға дейін шектеу туралы ұсынысын қолдамады. Оның айтуынша, бағаны реттеу қаржы нарығы мен қызмет сапасына кері әсер етеді.
Қазақстанда қолма-қол ақшасыз төлемдер көлемі артып, цифрлық теңге айналымы 340 млрд теңгеден асты. Финтехтің дамуы, ашық банкинг және қауіпсіздік мәселелері.