Минскіде ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысы өтіп, өзара сауда мен цифрландыру мәселелері талқыланды.
Беларусь президенті Александр Лукашенко Олжас Бектеновпен кездесуде қазақ пен белорус халықтарының тарихи туыстығы мен екі елдің стратегиялық әріптестігіне тоқталды.