Қазақстанда инфляция деңгейі әлі де жоғары күйінде сақталады. Бұған коммуналдық тарифтердің өсуі, жанармай бағасының қымбаттауы және теңгенің әлсіреуі әсер етуі мүмкін, деп жазады Ertenmedia.kz.
Халық банктың сараптамалық орталықтың сарапшысы Асан Құрманбековтың айтуынша, өткен жылдың соңында басталған инфляцияның баяулауы тұрақсыз болып, биылғы жылдың басында қайта жылдамдаған. Дегенмен наурыз айында жылдық инфляция көрсеткіші былтырғы екінші тоқсаннан бергі ең төменгі деңгейде қалыптасты.
– Қазіргі уақытта инфляцияға екі негізгі фактор әсер етуде. Біріншісі, коммуналдық қызмет тарифтері мен жанармай бағасына қойылған шектеудің алынып тасталуы, екіншісі, теңгенің доллар алдындағы әлсіреуі. Осы факторларды ескерсек, биылғы жылдың соңына қарай инфляция 10,5-11,5% деңгейінде болады деп болжаймыз, – дейді сарапшы.
Оның ойынша, Ұлттық Банктің базалық мөлшерлемені қазіргі 18% деңгейінде сақтауы орынды. Сондықтан 24 сәуірде өтетін отырыста бұл көрсеткіш өзгеріссіз қалуы мүмкін.
Сарапшының пікірінше, маусым айындағы отырыста да базалық мөлшерлеме өзгермейді. Себебі, коммуналдық тарифтердің өсуі мен жанармай бағасының қымбаттауы кезінде инфляцияның тұрақтылығына көз жеткізу маңызды.
– Әзірге тарифтердің нақты қанша пайызға өсетіні белгісіз. Сондықтан Ұлттық Банк жағдайды мұқият бақылап, қандай да бір өзгеріс енгізуге асықпайды, – деп атап өтті Асан Құрманбеков.
Сарапшы жыл соңына қарай инфляция 10,5-11,5% аралығында болатынын ескеріп, базалық мөлшерлемені төмендетуге әзірге негіз жоқ деген қорытындыға келді.
Қазақстанда зейнетақы жүйесіне елеулі өзгерістер енгізу мәселесі талқыланып жатыр. Соның бірі – «4+1» деп аталатын жаңа модель.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







