Қазгидромет 17 маусым, сәрсенбі күнгі Қазақстан қалалары бойынша ауа райы болжамын жариялады, деп жазады Ertenmedia.kz.
Синоптиктердің мәліметінше, елдің басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Кей өңірлерде жел күшейеді. Соған қарамастан күн ыстық болады.
Астанада күн бұлтты. Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Желдің екпіні секундына 15 метрге дейін жетуі мүмкін. Ауа температурасы түнде +16…+18 градус, күндіз +31…+33 градус болады.
Алматыда да жаңбыр мен найзағай күтіледі. Желдің екпіні секундына 13 метрге дейін күшейеді. Түнде +21…+23 градус, күндіз +33…+35 градус ыстық болады.
Шымкентте күн бұлтты. Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетеді. Ауа температурасы түнде +18…+20 градус, күндіз +33…+35 градус шамасында болады.
Қонаев, Тараз, Түркістан, Қызылорда, Талдықорған және Жезқазған қалаларында да жаңбыр мен найзағай болжанып отыр. Бұл қалаларда күндізгі температура +32…+37 градус аралығында сақталады.
Жезқазған мен Қызылордада күндіз +35…+37 градусқа дейін ыстық болады. Түркістанда да ауа температурасы +35…+37 градусқа жетеді. Желдің екпіні секундына 15-20 метрге дейін күшеюі мүмкін.
Қарағандыда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Түнде +18…+20 градус, күндіз +31…+33 градус болады. Көкшетау мен Петропавлда да жаңбыр күтіледі. Солтүстік өңірлерде күндіз ауа температурасы +26…+30 градус шамасында болады.
Батыс өңірлерде де тұрақсыз ауа райы байқалады. Оралда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Желдің екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетеді. Атырауда жауын-шашынсыз, бірақ жел күшейеді. Ақтауда күн ашық, жауын-шашын күтілмейді.
Ақтөбеде ауа райы ашық болады. Жауын-шашын болжанбайды. Түнде +17…+19 градус, күндіз +30…+32 градус жылы болады.
Павлодар, Семей және Өскемен қалаларында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Бұл қалаларда күндіз ауа температурасы +30…+33 градус аралығында болады.
Синоптиктер найзағай, екпінді жел және жоғары температура кезінде тұрғындарды сақ болуға шақырады. Әсіресе ашық далада, таулы аймақтарда және жолда жүрген азаматтарға қауіпсіздік шараларын ескерген жөн.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







