Жұма, 19 маусымда Қазақстанның бірқатар өңірінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, кей аймақта аптап ыстық сақталады, деп жазады Ertenmedia.kz.
«Қазгидромет» мәліметінше, Астанада күн құбылмалы бұлтты болады. Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел секундына 7-12 метр, күндіз екпіні 15 метрге дейін күшейеді. Ауа температурасы түнде +17…+19 градус, күндіз +33…+35 градус болады.
Алматыда күн бұлтты. Жаңбыр мен найзағай күтіледі. Жел секундына 3-8 метр, екпіні 13 метрге дейін жетеді. Түнде +20…+22 градус, күндіз +31…+33 градус жылы.
Шымкентте де жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел секундына 8-13 метр, екпіні 15-20 метрге дейін күшеюі мүмкін. Түнде +16…+18 градус, күндіз +33…+35 градус ыстық болады.
Ақтауда күн құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел секундына 7-12 метр. Түнде +25…+30 градус, күндіз +31…+33 градус шамасында болады. Ақтөбеде күн ашық, жауын-шашын күтілмейді. Жел секундына 3-8 метр. Түнде +15…+17 градус, күндіз +29…+31 градус жылы.
Атырауда жауын-шашын болмайды. Жел секундына 7-15 метрге жетеді. Түнде +21…+23 градус, күндіз +35…+37 градус ыстық күтіледі. Оралда күн бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел секундына 7-12 метр. Түнде +13…+15 градус, күндіз +29…+31 градус болады.
Жаңбыр мен найзағай
Жезқазғанда күн құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел секундына 9-14 метр. Түнде +18…+20 градус, күндіз +35…+37 градусқа дейін ысиды. Қарағандыда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел секундына 9-14 метр. Түнде +16…+18 градус, күндіз +30…+32 градус жылы.
Көкшетауда күн құбылмалы бұлтты, жаңбыр күтіледі. Жел секундына 9-14 метр. Түнде +17…+19 градус, күндіз +30…+32 градус болады. Қостанайда да жаңбыр мен найзағай болжанды. Жел түнде секундына 3-8 метр, күндіз 7-12 метр. Ауа температурасы түнде +16…+18 градус, күндіз +28…+30 градус.
Қонаевта жауын-шашынсыз, күн құбылмалы бұлтты болады. Жел секундына 9-14 метр. Түнде +21…+23 градус, күндіз +33…+35 градус ыстық. Талдықорғанда күн бұлтты болғанымен, жауын-шашын күтілмейді. Жел секундына 5-10 метр. Түнде +17…+19 градус, күндіз +33…+35 градус болады.
Қызылордада жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел секундына 7-12 метр, екпіні 15 метрге дейін жетеді. Түнде +21…+23 градус, күндіз +34…+36 градус ыстық. Түркістанда да жаңбыр мен найзағай күтіледі. Жел секундына 8-13 метр, екпіні 15-20 метрге дейін күшейеді. Түнде +21…+23 градус, күндіз +35…+37 градус болады.
Таразда күн бұлтты, жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Жел секундына 9-14 метр. Түнде +18…+20 градус, күндіз +31…+33 градус жылы.
Павлодарда күн құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел секундына 9-14 метр. Түнде +18…+20 градус, күндіз +32…+34 градус болады. Петропавлда жаңбыр мен найзағай күтіледі. Жел секундына 9-14 метр. Түнде +17…+19 градус, күндіз +29…+31 градус жылы.
Семейде жауын-шашын болмайды. Жел секундына 7-12 метр. Түнде +15…+17 градус, күндіз +31…+33 градус болады. Өскеменде де күн құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел секундына 4-9 метр. Түнде +15…+17 градус, күндіз +31…+33 градус жылы.
Синоптиктердің болжамынша, 19 маусымда елдің оңтүстігі мен батысында ыстық ауа райы сақталады. Ал солтүстік, орталық және оңтүстік өңірлердің бір бөлігінде жаңбыр мен найзағай жол қозғалысына және ашық аспан астындағы жұмыстарға қолайсыздық тудыруы мүмкін.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







