Қамауға алынған Әсем Жәпішева бостандыққа шықты. Бұл туралы Oyan, Qazaqstan қозғалысы мәлімдеді, — деп хабарлайды ErtenMedia.
«Оны @qaznews24 сатиралық медиасының авторы Темірлан Еңсебекті қолдау пикеті үшін 15 тәулікке қамауға алған еді. Әсем оны 15 күн бойы азық-түлікпен, хаттармен қолдағандардың бәріне алғысын жеткізеді. Сатира қылмыс емес!», — деп жазылған мәліметте.
Айта кетейік, журналист Әсем Жәпішева 20 қаңтарда 15 тәулікке қамауға алынған еді. Ол сол күні пикетке шыққан болатын.
Белсенді Әсем Жәпішеваның пикеті үш минутқа созылды.
Ал 18 қаңтарда QazNews24 сатирикалық парақшасының авторы Темірлан Еңсебек 2 айға қамауға алынды. Оған ҚР Қылмыстық кодексінің 174-бабы «Әлеуметтiк, ұлттық, рулық, нәсiлдiк, тектік-топтық немесе дiниалауыздықты қоздыру» бойынша айып тағылды.