«Алматы» микроқаржы ұйымы («Алматы МҚҰ» ЖШС, «Алматы» ӘКК» АҚ компаниялар тобына кіреді) «Almaty Business-2025» кәсіпкерлікті дамытудың өңірлік бағдарламасы бойынша жеңілдікті қарыздар беруді жалғастыруда, деп хабарлайды Ertenmedia.kz
Бағдарлама шеңберінде микро және шағын кәсіпкерлік субъектілері жылдық 2% және 6% мөлшерлеме бойынша несиелер алады. Ағымдағы жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша жергілікті бизнеске 572 млн теңге сомасында қарыздар берілді. Несиелердің үштен бірінен астамы өндіріс және қайта өңдеу саласындағы жобаларға тиесілі болды.Сондай-ақ Халыққа қызмет көрсетуге бағытталған бастамалар (үлесі-21%), туризм және білім беру салаларындағы жобалар (14%-дан) қаржыландырылды.
«Алматы» МҚҰ-да бір қарыз алушыға қаржыландырудың ең жоғары сомасы 78 640 000 теңгені құрайды. Қарыз мерзімі — 7 жылға дейін. Бағдарламаға қатысудың негізгі шарты — Алматы қаласының аумағында бизнесті тіркеу және жүргізу. Өндіріс және қайта өңдеу, әлеуметтік бағдарланған кәсіпкерлік (оның ішінде білім беру, спорт және денсаулық сақтау салаларындағы) салаларындағы жобалар, сондай-ақ импортты алмастыруға, экспортқа бағдарлануға, креативті индустрияларға және т. б. бағытталған бастамалар қарауға басым болып табылады.
2019 жылы «Almaty Business-2025» бағдарламасы іске қосылған сәттен бастап «Алматы» МҚҰ шамамен 14 млрд теңгеге 600-ден астам жобаны қаржыландырды.
«Жеңілдетілген несиелеу аясында «Алматы» МҚҰ қалада 2,5 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылды. Кәсіпкерлік белсенділік пен жұмыспен қамтудың өсуін ынталандырумен қатар, «Almaty Business-2025» бағдарламасы қала бюджетіне түсетін салық түсімдерінің ұлғаюына ықпал етеді. Мәселен, қарыз алушылар 2019 жылдан бастап 2 млрд. теңгеден астам салық төледі», — деді «Алматы» МҚҰ Басқарма төрағасы Алтай Исмағамбетов.
Жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі жеке-жеке есептеледі және 13%-дан аспайды. Жеңілдетілген несиелеу бағдарламасы туралы толығырақ +7 (727) 390 80 42 телефоны немесе веб-сайт арқылы біле аласыз.