75 млн теңге пара алғаны үшін бұрынғы Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкері сотталды, деп жазады Ertenmedia.kz.
БҚО қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты БҚО бойынша Мемлекеттік кірістер органдарының бұрынғы қызметкеріне қатысты аса ірі мөлшерде пара алғаны үшін үкім жариялады.
Ол Грузиядан экстрадицияланған.
Оның 2021-2022 жылдары Қазақстан-Ресей шекарасындағы автомобиль өткізген. Көлік құралдарының кедергісіз өтуі үшін 75 720 000 теңге сомасында пара алғанын дәлелденді.
Сотталған адам мемлекеттік және қаржы ұйымдарында жұмыс істеу құқығынан және 10 жылға бас бостандығынан айырылды.
Сонымен қатар, сот оның мүлкін тәркілеп, сотталушыдан пара сомасын өндіріп алды.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!

