Шығыс Қазақстандағы танымал «Рахман қайнары» шипажайы мемлекет меншігіне қайтарылды, деп жазады Ertenmedia.kz.
Аталған шипажайды мемлекеттік балансқа беру үшін арнайы электронды сауда алаңында аукцион өтті. Сауда нәтижесінде шипажай Шығыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасына тапсырылды.
«22 тамызда сауда-саттық аяқталды. Қазір арнайы комиссия шипажайды қабылдап алу үшін іске кірісті. Нысанды шетелдік компанияларға беру жоспарда жоқ», – деді ШҚО кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы Ардақ Мәдиев.
Ашық деректерге сүйенсек, 1964 жылы ашылған әйгілі шипажай бұған дейін қазақстандық олигарх Анатолий Балушкиннің иелігінде болған. Мемлекетке қайтарылған шипажай алдағы уақытта аймақтың туристік әлеуетін дамыту мақсатында пайдаланылмақ. Қазір арнайы комиссия қабылдау процесін аяқтап жатыр.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!

