Экс-сенатор Қайрат Қожамжаровтың командасының адамдары кеденші Медет Жамашевті тапсырыспен өлтіру туралы іс бойынша ұзақ мерзімге сотталды, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz Elmedia-ға сілтеп.
«Бүгін таңертең Алматының ауданаралық мамандандырылған сотының судьясы кеденші Медет Жамашевті тапсырыспен өлтіру туралы іс бойынша үкімді жариялады. Талғат Махатовқа қауіпсіздігі орташа мекемеде 20 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Қылмысты орындаушы саналатын қалған төрт сотталушыға 13 жылдан 14 жасқа жылға (прокурор бір жылға артық сұрады) тағайындалды», — деп жазылған хабарламада.
Сонымен қатар, сот 2 миллион теңге моральдық шығын төлету туралы шешім шығарды. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.