2 қыркүйек күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеп.
Жиынға Сенат пен Мәжіліс депутаттары, орталық мемлекеттік органдардың басшылары, Ұлттық құрылтай, Адам құқықтары жөніндегі комиссия, Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия мүшелері, қоғам өкілдері және еңбек ұжымдары қатысады.
Президент Жолдауында еліміздің саяси және әлеуметтік-экономикалық даму перспективаларына қатысты мәселелер қамтылады.
МЫНАНЫ ДА ОҚИ КЕТІҢІЗ
Аида Балаева Almaty Superski жобасының маңызын айттыГрин-карта тәртібі қатайды: АҚШ тұрақты тұруға өтінішті ел сыртынан қабылдайдыКөпқабатты үй ауласында мал союға болмайды: Құрбан айтқа қатысты талап түсіндірілді📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!





