Қазақстандық спортшы, спорт саласының блогері Ақтан Зайнолда Ресей астанасы Мәскеуде өткен Күштік спорт түрлері бойынша Х Әлем чемпионатында пауэрлифтингтің стритлифтинг бағыты бойынша жеңімпаз атанды, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz.
Халықаралық дәрежедегі спорт шебері нормативін орындаған ол екі дүркін әлем чемпионы атанды.
Күштік спорт түрлері бойынша Х Әлем чемпионатына әлемнің 40 мемлекетінен 3600-ден астам спортшы қатысса, соның ішінде Ақтан Зайнолда 75 келі салмақта өнер көрсеткен.
Ал Қазақстан атынан өнер көрсеткен Qazaq Paluany құрама командасы жалпыкомандалық есепте жүлделі үшінші орынды иеленді.
Айта кетейік, биыл Күштік спорт түрлері бойынша әлем чемпионаты оныншы рет ұйымдастырылып, өткізілді.