Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Станислав Черчесовке қатысты мәселенің нүктесі қойылды, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz.
Тиісті мәлімдемені Қазақстан футбол федерациясы жасады.
«Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Станислав Черчесовтің қызметінен кетуі туралы кейбір бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған ақпарат шындыққа жанаспайды.
Қазіргі таңда Станислав Черчесов Ұлттық құраманың бас бапкері қызметін жалғастырып, Қазақстан футбол федерациясымен келісімшарт бойынша жұмыс істейді.
Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметі тек ресми ақпарат көзіне, федерацияның ресми сайты мен әлеуметтік желілерінде жарияланған ақпаратқа сенуге шақырады», — деп жазылған хабарламада.
Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Станислав Черчесов қызметінен кетуі мүмкін деген ақпарат тарады. Кейінгі кезде оған қатысты сын жиі айтылып жүр.