Қазақстан ірі көлемдегі активтерді қайтарды. Олардың ішінде қонақүй кешені, әкімшілік ғимараттар, бизнестегі үлес, қымбат әшекейлер мен көліктер бар, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz Tengrinews.kz-ке сілтеп.
Қайтарылған активтерді басқару жөніндегі компанияның мәліметінше, компанияның балансына жалпы сомасы 89,9 миллиард теңгеге 70 актив берілген.
Елдегі активтер жөнінде
Бұл сомаға құны 2,8 миллиард теңге болатын зергерлік бұйымдарды қоса алғанда, әртүрлі жылжымайтын мүлік нысандары мен активтер кіреді. Берілген активтерге жылжымайтын мүлік, әкімшілік ғимараттар, «Думан» қонақ үй кешені, заңды тұлғалардың жарғылық капиталындағы қатысу үлестері («Жаркент су», «Тұлпар»), өндірістік база, асхана, жанармай құю бекеті, жер учаскелері, аяқталмаған құрылыс және басқалары жатады.
Айта кетейік, Forbes деректеріне сәйкес, 2023 жылғы мамырда Дариға Назарбаева «DLS Group холдингтік компаниясы» ЖШС-нің иесі болған, ол сол кезде Астанадағы «Думан» қонақ үй кешенін басқаратын A — Service Management ЖШС-да үлеске ие болған.
Шетелдегі активтер жөнінде
Компания төрт елдегі активтерді қайтарды.
- Жалпы құны 17 миллиард теңгеден асатын екі вилла мен екі автомобиль Біріккен Араб Әмірліктерінде орналасқан.
- Ресейде жалпы құны 4,78 миллиард теңге болатын 5 пәтер, 5 қойма және 5 көлік орны бар.
- Түркияда жалпы құны 4,20 миллиард теңге болатын 2 тұрғын үй мен 1 пәтер бар.
- Құны 3,82 миллиард теңген болатын 4 пәтер Францияда орналасқан.
Осы активтердің ішінен БАӘ-дегі екі автокөлік, сондай-ақ, Түркиядағы екі тұрғын үй және бір пәтер сатылған.