12 ақпанда KASE-дегі сауда-саттықта 1 АҚШ долларының бағамы 500 теңгеден де төмендей түсті. Мұндай құбылыс соңғы рет биржада 2024 жылы 26 қарашада тіркелген болатын, — деп хабарлайды ErtenMedia.
Кешегі ахуал
11 ақпанда Қазақстан қор биржасындағы сауда-саттық қорытындысы бойынша америкалық валютаның орташа бағамы 506,25 теңге болған еді.
Бүгінгі жағдай
Бүгін Алматыдағы ақша айырбастау орындарында сағат 14: 00-дағы жағдай бойынша 1 АҚШ долларын орта есеппен 500,08 теңгеден сатып алып, 503,94 теңгеге сатып жатыр.
Ал Астанада 1 доллардың бағасы одан да арзандай түскен: сатып алу құны — 498,80, сату — 506,75 теңге.
Шымкентте 1 АҚШ долларының сату-сатып алу құны 500-502 теңге аралығын қамтиды.
Ресейлік БАҚ мәліметінше, Forex халықаралық нарығында америкалық валюта бағамы 94,6 рубльге (Астана бойынша 13:40), еуро 98,1 рубльге дейін төмендеген.
Ұлттық банктің ресми бағамы мынадай:
- 1 доллар — 506,43 теңге.
- 1 еуро — 522,43 теңге.
- 1 рубль — 5,28 теңге.