Алмас Кішкенбаев 15 күн жазасын өтеп шықты. Бұл туралы Tengrinews.kz жазды, — деп хабарлайды ErtenMedia.
Басылым мәліметінше, Алматы Полиция департаменті жанындағы уақытша ұстау изоляторынан шыққан әншіні қара көлік күтіп тұрған. Сағат 18:00-де Алмас Кішкенбаев изолятордан шыққан. Алайда ол тілшімен сөйлесуден бас тартып, тез көлікке отырып кетіп қалған.
Алмас Кішкенбаевқа ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігі бойынша айып тағылған еді. Сот шешімі бойынша Алмас Кішкенбаев 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.
МЫНАНЫ ДА ОҚИ КЕТІҢІЗ
Димаш Құдайбергеннің Германиядағы концерті орыстілді аудиторияның наразылығын тудырдыСаша Барон Коэн «Борат» образы үшін қазақстандықтардан кешірім сұрадыЭлектромобиль панеліндегі белгілердің мағынасы: жүргізуші нені білуі керек?📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







