Ақтөбе облысында спорт мектебінің басшылары бюджет қаражатын букмекерлік кеңселерде ұтылған, — деп хабарлайды ErtenMedia.
Облыс прокуратурасы спорт алаңдары мен залдарын жалға беру қызметтерінен бюджетке түсуі тиіс қаражатты екі балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің басшылары негізсіз иемденгенін анықтады.
«Олар 12 млн теңгеден аса бюджет қаражатын жеке қажеттіліктеріне, соның ішінде букмекерлік кеңселерде жұмсаған», — деп жазылған хабарламада.
Бұл деректер бойынша прокуратура 2 қылмыстық істі тіркеді.
Тергеуді облыстық Экономикалық тергеу департаменті жүргізді.
Биыл 10 қаңтарда тергеу аяқталып, қылмыстық іс (істер біріктірілді) мәні бойынша қарау үшін сотқа жолданды.