Қазақстан қор биржасында (KASE) 24 ақпанда сағат 15:30-да шетел валюталары бойынша күндізгі сауда-саттық тоқтатылды. Оның қорытындысы бойынша 1 АҚШ долларының орташа бағамы 502,89 теңге болып, бір тәулікте тағы 0,33 теңгеге арзандады, — деп хабарлайды ErtenMedia.
Мұнайдың әлемдік нарықтағы бағасы да 24 ақпанда тағы да арзандады.
ICE Futures электрон сауда биржасында Brent маркалы мұнайдың сәуір фьючерстерінің құны 0,11%-ға төмендеп, 1 баррелі 73,97 доллар болды.
NYMEX электрон сауда биржасында WTI маркалы мұнайдың сәуір фьючерстерінің құны 0,20%-ға арзандап, 1 баррелі 70,26 доллар болды.
Таңертең Ұлттық банк бекіткен 1 АҚШ долларының ресми бағамы 502,47 теңге болған.
24 ақпандағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамдары мынадай:
Астана
- 1 АҚШ доллары: сату – 504 теңге, сатып алу – 510 теңге.
- 1 еуро: сату – 523 теңге, сатып алу – 530 теңге.
- 1 рубль: сату – 5,54 теңге, сатып алу — 5,69 теңге.
Алматы
- 1 АҚШ доллары: сату — 503 теңге, сатып алу – 506 теңге.
- 1 еуро: сату – 527,5 теңге, сатып алу – 532,5 теңге.
- 1 рубль: сату – 5,51 теңге, сатып алу — 5,65 теңге.
Шымкент
- 1 АҚШ доллары: сату – 503 теңге, сатып алу – 506 теңге.
- 1 еуро: сату – 527 теңге, сатып алу – 533 теңге.
- 1 рубль: сату – 5,6 теңге, сатып алу — 5,7 теңге.