Экс-президенттің баспасөз хатшысы Сара Назарбаеваның өмірден өткені туралы ақпаратты жоққа шығарды деп жазады Ertenmedia.kz.
Айдос Үкібайдың айтуынша, Сара апа тірі, жағдайы тұрақты және дәрігерлердің ұдайы бақылауында.
Совминканың маңында шоғырланған қарақұрым қауым экс-президенттің күзет қызметі екен. Соңғы күндері Нұрсұлтан Назарбаев зайыбының жағдайын білуге жиі-жиі келіп кетіп жүр.
Аурухананың алдындағы бүгінгі абыр-сабыр да Назарбаевтың келісімен байланысты болған.
Айта кетелік, бұған дейін бірқатар БАҚ «Сара Алпысқызы өмірден озды» деген ақпарат таратқан.
«Ол кісінің жағдайы соңғы екі жылда қатты нашарлады. Назарбаевқа қатысты түрлі алып-қашпа әңгімелер де жүректі ауыртты. Қаңтар оқиғасы жанға батты. Осының барлығы жинақтала келе ағзаға ауыр салмақ болды», — деген еді бұған дейін «Әшкере» телеграм арнасының дереккөзі.